Журналистика факультеті, еуразия кеңістігінде диалогты жандандыру мақсатында, ұйым елдерінің университеттерін бір алаңға біріктірді

4 маусым күні, ММУ-нің журналистика факультетінің деканы: Вартанова Елена Леонидовна, онлайн-кездесу барысында, ұйым елдеріндегі жетекші университеттердің проректорларымен және журналистика факультеті бойынша декандармен, ынтымақтастық туралы бірқатар келісімдерге келді.

Журналистика факультеті, ұйымға мүше елдердің университеттерімен, ғылым-білім беру бағдарламасы бойынша, ынтымақтастық орнатты. Бұл серіктестіктердің қатарына: Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті (Қазақстан Республикасы), Беларуссия Мемлекеттік Университеті (Беларусь Республикасы), Ресей-Армения Университетінің медиа, жарнама және кино институты (Армения Республикасы) және Қ.Қарасаев атындағы Бішкек Мемлекеттік Университетінің журналистика және ақпараттық жүйелер факультеті (Қырғыз Республикасы) кіреді. Салтанатты келісімдерге қол қою, онлайн-форматта,  4 маусым күні өтті.

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің ректоры, профессор, басқарма төрағасы – Сыдықов Ерлан Батташұлы, Беларуссия мемлекеттік университетінің бірінші проректоры – Дмитрий Георгиевич Медведев, Ресей-Армения университетінің медиа, жарнама және кино институтының директоры –  Нина Ильинична Кеворкова және Қ.Қарасаев атындағы Бішкек мемлекеттік университетінің, журналистика және ақпараттық жүйелер факультетінің деканы – Асанова Алтын Асанқызы құттықтау сөздерін сөйледі. Сөз сөйлеу тамамдалғаннан кейін, салтанатты түрде ынтымақтастық келісімдеріне қол қойылды.

Факультеті тарапынан: факультет деканы, Ресей білім академиясының академигі, профессор Елена Леонидовна Вартанова да, салтанатты шеруге қатысты.

Елена Леонидовна өз сөзінде: осы келісімшартқа отыру, ұйым елдерінің университеттерімен халықаралық ынтымақтастықта болу – журналистика факультеті үшін басты маңызды, жаңа бағыттардың ашылуына септігін тигізетінін айтты. 2020 жылдың желтоқсанында құрылған Еуразиялық медиа зерттеу орталығының (https://eurasiamsu.ru/) (ЕАМЗО) еңбегінің күшімен, осы келісімдерге қол жеткізіліп отыр.

ЕАМЗО-ның директоры, ЕАЭҰ-ы елдерінде білім беру және ғылыми-зерттеу бағдарламаларының үйлестірушісі: Ольга Юрьевна Вихрованың түсіндіруінше, орталықтың басты міндеті ретінде – зерттеу орталығының құрамына мүше мемлекеттердің зияткерлік әлеуетін біріктіру, БАҚ-ын зерттеу бағыты бойынша білім беру, ЕАЭҰ-ы елдерінің журналистика және медиа жүйесін жетілдіру мен білікті мамандардың кәсіби дайындықтарын жетілдіру мақсатында тәжірибе алмасу, өз кезегінде БАҚ-ындағы еуразиялық диалогты жандандыруға негіз болатынын айтты.

М.В. Ломоносов атындағы ММУ-нің журналистика факультетінің ЕАМЗО-ның құрылуын, ЕАЭҰ-ы, Еуразиялық экономикалық комиссиясы мақұлдайды

Еуразиялық экономикалық комиссияның интеграция және макроэкономика жөніндегі министрі: С. Ю. Глазьев, еуразиялық кеңістікте, бірыңғай ақпараттық ортаны қалыптастыруда, ЕАМЗО-ның (Еуразиялық медиа зерттеулер орталығы) атқаратын қызметінің үлкен екенін айтып өтті.

Бүгінгі таңда, ЕАЭҰ-ына мүше елдердің гуманитарлы саласы мен білім берудегі халықты ақпаратпен қамтамассыз етудің маңыздылына назар аударды. 2020 жылдың 11 желтоқсанында қабылданған, ЕАЭҰ-ы мемлекеттерінің басшылары бекіткен, еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағытында, бұл ережелер енгізілген. 2025 жылға дейінгі стратегиян тармақтарының бірі: ұйым туралы ақпаратқа, жалпы халықтың толықтай қол жеткізуін қамтамасыз ету, экономикалық комиссияның ашық жүйеде қызмет атқаруын жетілдіру болып табылады.

Осы тұрғыдан алып қарайтын болсақ, орталықты құру ерекше маңызға ие. 2025 жылға дейінгі стратегияны іске асыруға және еуразиялық кеңістікте бірыңғай ақпараттық орта қалыптастыруға, Сіздің де жұмысыңыз ықпал ететіндігіне кәміл сенімдіміз.

Біз, өз тарапымыздан, сіздердің бастамаларыңыз бен жұмыстарыңызға жан-жақты қолдау көрсететуге әрқашан дайынбыз!

Маңызды бастамаларыңызға сәттілік!

Құрметпен, Еуразиялық экономикалық комиссияның интеграция және макроэкономика жөніндегі министрі С. Ю. Глазьев.