ЦЕАМИ (ЕАМЗО)-ның төрағасының хабарламасы

М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің, журналистика факультетінің, 

Еуразиялық медиа зерттеулер орталығының сайтына қош келдіңіз.

2020 жылдың желтоқсан айында, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шешімімен, ЕАЭҰ-ына мүше мемлекеттердің тұрғындарын, экономикалық ұйым туралы ақпаратпен толық түрде қамтамасыз ету туралы, Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған стратегисында көрсетілген болатын.

Ақпараттық байланыс саясатында, келісімнің болмауынан, бес мемлекеттің халқын толық ақпаратпен қамтамассыз ету мүмкіншілігін тудыру және оған жағдай жасау, ұзақ дайындық пен кешенді тәсілді талап ететін, қажырлы еңбектің арқасында ғана қол жеткізуге болады. Қазыргі таңда, желі ішінде білім алу мен ақпарат алмасудың қол жетімді болуы өте тиімді. Бұл тиімділік ұйымға мүше мемлекеттердің мәдениеті бойынша бір-бірімен арақатынасы мен жалпы халықтық құндылықтарды танымал етуге көмектеседі. Кедендік кедергілерді алып тастау мен бірыңғай қаржылық кеңістікті орнату да, еуразиялық біртұтастықтың қалыптасуына ықпал ете алмайды. Бірақ, тұрғындардың осы ұйымның маңызды толықтырушы жеке құрамы ретінде түсініп, ынтымақтастық жобасының қатысушысы болып өздерін сезінулері, біртұтастықты қалыптастыруға негіз бола алады.

БАҚ-ының көмегімен ғана, мемлекет тұрғындарының ынтымақтастық жайлы тақырыпқа қызығушылығымен еуразиялық біртұтастықты қалыптастыра аламыз. Тек БАҚ-ы ғана, барлық тараптарға, бәсекелестіктің үстем ететін барлық саласын зерттеуге көмектесе алады. Біртұтас Еуразия кеңістігінде өз үстемдіктерін орнататын көптеген жаһандық салалар бар. Сондықтан, ұйымға мүше мемлекеттердің халқына, өткен және қазіргі уақытта, қандай тәжірибелік артықшылықтар бере алатын және олардың болашақта қандай әлеуетке ие бола алатын, салалары жайлы, қол жетімді түрде ақпарат беруге және оны түсіндіруге көмектесе алады.

Алайда бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі тек ішкі міндеттерді атқару шеңберінде ғана шектелмейді. ЕАЭҰ-ының брендін, халықаралық аренада құру және оны алға жылжыту мақсатымен, яғни сыртқы міндеттермен де айналысады. Бұл мақсатқа, бағытталған үздіксіз ақпаратпен қолдау көрсетумен ғана жетуге болады.

Сондықтан, бірыңғай ақпараттық саясатты қалыптастыру мен оның жекелеген бөлімдерін құру үшін, ЕАЭҰ-ына мүше мемлекеттердің әрқайсысының медиа жүйесін нақты түсіну мен оны алдын-ала зерттеуді талап етуді үйрену. Бүгінгі таңда, мемлекет аралық ақпарат алмасуды едәуір жеңілдететін ғаламтор мен ақпараттық байланыс технологиясының қол жетімдігінің біріктірілгеніне қарамастан, әр мемлекеттің медиа жүйесі, Кеңес Одағы ыдырағаннан бері, бір-біріне тәуелсіз, ұзақ уақыт бойы жеке дамыған болатын. 1991 жылға дейінгі БАҚ-ы мен одан кейінгі жылдардағы Армения, Беларуссия, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей елдеріндегі журналистика саласы, ұқсас принциптердің, яғни: ұйымдастыру жүйесі, қаржыландыру жүйесі және басылым стандарттары бойынша бірдей негізде құрылған болатын. КСРО-ы ыдырағаннан кейін, 3 онжылдық өткеннен соң, әрбір мемлекеттің медиа жүйесі, мүлдем әртүрлі модельде ұсынылып отыр, Осы модельді үйлестіруші элементтердің ерекшеліктерін мұқият зерттеу, қазыргі таңда өзекті мәселе. Осы мақсатпен, Мәскеу мемлекеттік университетінің, журналистика факультетінде, Еуразиялық медиа зерттеу орталығы құрылды. Орталықтың жауапты міндеті ретінде: зерттеу орталығының құрамына мүше мемлекеттердің зияткерлік әлеуетін біріктіру, осы мақсатта журналистика саласының БАҚ-ы көздерін зерттеу бағыты бойынша білім беру, ЕАЭҰ-ы елдерінің журналистика және медиа жүйесін жетілдіру мен білікті мамандардың кәсіби дайындықтарын жетілдіру мақсатында тәжірибе алмасу, өз кезегінде БАҚ-ындағы еуразиялық диалогты жандандыру болып табылады.

ЦЕАМИ (ЕАМЗО)-ын құрудың негізі – медиа зерттеу мен Кеңес Социалистік Республикалар Одағындағы мемлекеттер мен одан кейінгі посткеңестік кеңістігіндегі елдердің БАҚ-ы мен журналистика саласын он жыл көлемінде факультеттің ғылыми жұмыстарымен айналысатын қызметкерлері мен білім саласының жұмыскерлерінің еңбектерінің негізінде қалыптасып отыр.Бүгінгі таңда, орталықтың құрамына, Еуразиялық ұйым мемлекеттерінің ішінен 7 жоғарғы оқу орындары еніп, олардың әрқайсысы, ғылыми және ақпараттық тұрғыдан өз үлестерін қосуда. Ұйымның бірыңғай ақпараттық кеңістігі мен ұлттық медиа жүйесінің дамуының кезеңі мен тарихын зерттеуге осы журналистика саласы септігін тигізуде. Мәскеу мемлекеттік университетінің серіктестіктерінің қатарына: Беларусь мемлекеттік университеті, Қ.Қарасаев атындағы Бішкек мемлекеттік университеті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Ереван қаласындағы Ресей-Армян университеті, Әль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және М.В. Ломоносов атындағы ММУ-нің Ереван қаласындағы филиалы. ЦЕАМИ (ЕАМЗО)-ы ұйым ішінде алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының ғылым-білім алу мен алмасудың алғашқы алаңы емес, еуразия ақпарат кеңістігінің әлеуетін талдау және бағалау үшін, жеткілікті материалдық қор ретінде қарастыру керек. Медиа ортаны зерттеу орталығының кітапханасы, БАҚ көздерін және журналистика саласын зерттеу орталығының, посткеңестік кеңістікте баламасы жоқ. Бұл зерттеу орталығының материалдарын, ғылым-білім беру жүйесінде белгілі бір тақырыптық негіздеме ретінде де қарастырса болады, сондықтан, дүниежүзілік ақпараттық кеңістікте және осы экономикалық ұйым мемлекеттерінің арасында, ЕАЭҰ-ы брендін құру және алға жылжыту керек деген мақсат қойылған. Еуразиялық медиа зерттеу орталығы, жаңа ой-пікірлер мен тың бастамаларды қозғауға болатын  ынтымақтастық орнатуды әрқашан қолдайды. Егер ЦЕАМИ (ЕАМЗО)-ының қызметі бойынша қандай да бір сұрақтарыңыз туындаса немесе бірігіп жұмыс жасаудың алдағы жетістіктерін талқылағыңыз келсе, біздің поштамызға eurasiamsu@gmail.com. хат жазыңыз.

ЦЕАМИ (ЕАМЗО)-на білдірген қызығушылығыңызға алғысымызды білдіреміз!

Құрметпен,

Ольга Юрьевна Вихрова,

Еуразиялық медиа зерттеу орталығының директоры,

М. В. Ломоносов атындағы ММУ-нің журналистика факультеті,

Жоба авторы, филология ғылымдарының кандидаты.