ЦЕАМИ (ЕАМЗО) туралы

2020 жылдың 18 желтоқсанында, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің журналистика факультетіндегі, Еуразиялық медиа зерттеулер орталығы – «ғылыми бірлестік» деген ресми мәртебеге ие болды.

ЦЕАМИ (ЕАМЗО)-ын құрудың негізі: медия саласын зерттеу мен Кеңес Социалистік Республикалар Одағындағы мемлекеттер мен одан кейінгі посткеңестік кеңістігіндегі елдердің, БАҚ мен журналистика саласын, он жыл көлемінде факультеттің ғылыми жұмыстарымен айналысатын қызметкерлері мен білім саласындағы жұмыскерлерінің, қажырлы еңбектерінің негізінде қаланып отыр. 

ЦЕАМИ (ЕАМЗО)-ның жауапты міндеттері болып: осы зерттеу орталығының құрамына мүше елдердің зияткерлік әлеуетін біріктіру. Осы мақсатта, ЕАЭҰ-ы елдерінің журналистика саласындағы білім берудегі, алдыңғы қатарлы орталықтармен арақатынасты жандандыру, соның ішінде, медия саласын зерттеу мен білікті мамандардың кәсіби дайындықтарын жетілдіру болып табылады. Сонымен қатар, Еуразия кеңістігіндегі БАҚ-ындағы диалогты іске қосуды бақылау. 

ЕАЭҰ елдерінің медиясы мен БАҚ көздерін және журналистика саласы бойынша зерттеу кітапханасының, посткеңестік кеңістігінде сай келетін балама- туындысы жоқ. Бұл ақпарат көздерін, ғылыми зерттеулер мен білім беру бағдарламасында белгілі бір тақырыптық негіз ретінде алып, талқылауға болады. Сонымен қатар, ЕАЭҰ-ның дүниежүзілік ақпарат кеңістігінде және осы ұйымға мүше мемлекеттердің аумағында жеке брендін құру және алға жылжыту. 

Зерттеу орталығы: жоғарғы оқу орындары үшін, ЕАЭҰ елдеріндегі ғылыми зерттеу орталықтары үшін, тәуелсіз жеке зерттеушілер мен алған білімдерін тәжірибе жүзінде орнықтыру мақсатында жүрген журналисттер үшін, еуразия кеңістігіндегі өзекті мәселелер мен талқылауды талап ететін сұрақтармен айналысатын біріккен ұйымдар мен орталықтардың қызметкерлер үшін, БАҚ-ын зерттеушілер үшін, сондай-ақ, Армения, Беларуссия, Қазақстан, Қырғызстан және Ресейдің журналистика саласы мен және ұлттық медиясына байланысы бар қызметкерлері үшін орталыққа мүше болуға зор мүмкіндік бар.