Журналистика факультеті, еуразия кеңістігінде диалогты жандандыру мақсатында, ұйым елдерінің университеттерін бір алаңға біріктірді

16 Тамыз 2021

4 маусым күні, ММУ-нің журналистика факультетінің деканы: Вартанова Елена Леонидовна, онлайн-кездесу барысында, ұйым елдеріндегі жетекші университеттердің проректорларымен және журналистика факультеті бойынша декандармен, ынтымақтастық туралы бірқатар келісімдерге келді.

Журналистика факультеті, ұйымға мүше елдердің университеттерімен, ғылым-білім беру бағдарламасы бойынша, ынтымақтастық орнатты. Бұл серіктестіктердің қатарына: Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті (Қазақстан Республикасы), Беларуссия Мемлекеттік Университеті (Беларусь Республикасы), Ресей-Армения Университетінің медиа, жарнама және кино институты (Армения Республикасы) және Қ.Қарасаев атындағы Бішкек Мемлекеттік Университетінің журналистика және ақпараттық жүйелер факультеті (Қырғыз Республикасы) кіреді. Салтанатты келісімдерге қол қою, онлайн-форматта,  4 маусым күні өтті.

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің ректоры, профессор, басқарма төрағасы – Сыдықов Ерлан Батташұлы, Беларуссия мемлекеттік университетінің бірінші проректоры – Дмитрий Георгиевич Медведев, Ресей-Армения университетінің медиа, жарнама және кино институтының директоры –  Нина Ильинична Кеворкова және Қ.Қарасаев атындағы Бішкек мемлекеттік университетінің, журналистика және ақпараттық жүйелер факультетінің деканы – Асанова Алтын Асанқызы құттықтау сөздерін сөйледі. Сөз сөйлеу тамамдалғаннан кейін, салтанатты түрде ынтымақтастық келісімдеріне қол қойылды.

Факультеті тарапынан: факультет деканы, Ресей білім академиясының академигі, профессор Елена Леонидовна Вартанова да, салтанатты шеруге қатысты.

Елена Леонидовна өз сөзінде: осы келісімшартқа отыру, ұйым елдерінің университеттерімен халықаралық ынтымақтастықта болу – журналистика факультеті үшін басты маңызды, жаңа бағыттардың ашылуына септігін тигізетінін айтты. 2020 жылдың желтоқсанында құрылған Еуразиялық медиа зерттеу орталығының (https://eurasiamsu.ru/) (ЕАМЗО) еңбегінің күшімен, осы келісімдерге қол жеткізіліп отыр.

ЕАМЗО-ның директоры, ЕАЭҰ-ы елдерінде білім беру және ғылыми-зерттеу бағдарламаларының үйлестірушісі: Ольга Юрьевна Вихрованың түсіндіруінше, орталықтың басты міндеті ретінде – зерттеу орталығының құрамына мүше мемлекеттердің зияткерлік әлеуетін біріктіру, БАҚ-ын зерттеу бағыты бойынша білім беру, ЕАЭҰ-ы елдерінің журналистика және медиа жүйесін жетілдіру мен білікті мамандардың кәсіби дайындықтарын жетілдіру мақсатында тәжірибе алмасу, өз кезегінде БАҚ-ындағы еуразиялық диалогты жандандыруға негіз болатынын айтты.