Президенттің құттықтау сөзі
М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің журналистика факультетінің Еуразиялық медиа зерттеу орталығының сайтына қош келдіңіз.
ЕАМЗО-ын құруды жоспарлаған кезімізде, алдымызға бірнеше қол жетуге тиіс мақсаттарды қойған болатынбыз.
Біріншіден, бұл ғылымның негізін дамыту, яғни, посткеңестік кеңістіктегі елдер мен ЕАЭҰ-ына мүше мемлекеттердің медиа жүйесіндегі тәжірибесін түсіну мен қорытындылауды -экономикалық және саяси үрдістердің жаңа әрекет етушісі ретінде ұғыну. Факультеттің ғылыми бағытта еңбек етудегі халықаралық аренадағы көрінісінің басты сипаттары ретінде, журналистика факультетінің өткен ғасырдың 60-жылдардың өзінде, жаһандық өзекті мәселелерді зерттеу орталығы мәртебесіне ие болып, ЮНЕСКО халықаралық ынтымақтастық ұйымына мүше болуы, біз үшін үлкен мәртебеге ие. Бұл үлкен жетістікке, кеңес және орыс әдебиеттанушысы, ф.ғ.д, профессор, еңбек сіңірген журналист Я.Н. Засурскийдің сіңірген зор еңбегінің нәтижесінде келіп отыр. ММУ-нің журналистика факультеті, ондаған жылдар бойы ғылыми-әдістемелік қызметі бойынша, алдымен КСРО-ында, ал қазір Ресей Федерациясында негізгі жоғарғы оқу орындарының бірі ретінде саналады. Осыған байланысты бізге үлкен жауапкершілік пен тиісті міндеттер жүктеліп отыр. Журналистика саласындағы білімді жетілдіру үшін, кәсіби журналистика саласының төңірегінде, жаңа медия саласы мен БАҚ-ында қандай өзекті ақпараттар болып жатқанынан жан-жақты хабардар болу және түсініп, талдай алу шарт. Түбірін әдебиет саласынан бастау алатын журналистика саласы, әрдайым журналистиканың шығу тарихына ғана мән беріп қоймай, сонымен қатар, белгілі бір кезеңде әлемдік аренада үстемдік ететін геосаяси және әлеуметтік-экономикалық даму бағыттарына да баса назар аударады. Посткеңестік кеңістіктегі елдер бойынша журналистика саласында зерттеу орталығының пайда болуы, медия саласын – басыңқы ойыншылар қатарына қосылуға алып келді. Сондықтан, посткеңестік кеңістіктегі аймақтық деңгейде ынтымақтастық орнатудың өзектілігінен, факультеттің ЕАЭҰ-ына деген қызығушылығы артты.
Екіншіден, ЕАЭҰ-ына мүше мемлекеттердің ұлтық медия жүйесінің жалпы жүріп өткен жолы мен қазіргі кездегі заманауи бағытта жылжуының траекториясын түсіну.
1991 жылға дейін КСРО-ы елдерінің медия жүйесі, жалпы кеңестік және иерархия құрылымына негізделген болатын. Бір-біріне тығыз байланысты, мақсаттары ортақ, дамыған, алпауыт одақтың ыдырауынан кейін, тәуелсіздігін алған әрбір жеке мемлекетте қалыптасқан саяси және экономикалық жағдайларға байланысты қалыптасқан білім ордалары сияқты, медия саласы да жаңадан жанданып өзгеріске енген болатын. Осы кезеңде, әлем, сандық технологиялар жүйесінің түбегейлі төңкерісінің басталуына ұшырасқан еді. Ақпараттық-байланыс технологиясының дамуымен қатар жүретін, әлеуметтік-саяси өзгерістер, «екі бірдей өткел» деп аталатын толқыныстарға өз талаптарын орната бастады, бұл өз кезегінде өте қызықты нәтижелерге алып келді: ескі ақпарат тарату орталықтарының түбегейлі өзгеріске ұшыраған, жаңа түрлері мен бұрын соңды болмаған мүлдем жаңа сандық және әлеуметтік ақпарат тарату орталықтарының пайда болуы қалыптасты.
Үшіншіден, жаһандық құбылыстардың ұлттық құбылыстарға ықпалы, біріне-бірі мәдени және саяси ұқсас, медия саласын зерттеудің мәнмәтінінен көрініс тапты. Аймақтық деңгейде, экономикалық қауымдастық шеңберінде, ынтымақтастықты құру кезінде назар аударатын жағдайлар мыналар: әр мемлекеттің медиясында, Ресей медиясының атқаратын қызметіне талдау жасау үшін, одақ құрамындағы елдердің, ақпараттық ортасында қандай өзгерістер болып жатқанын білу шарт.
Р.Ф-сының қазіргі және алдағы уақытта дамуының негізгі бағыттарын анықтауға көмектесетін -ЕАЭҰ-ының құрамына енетін мемлекеттердің ұлттық медия жүйелерін зерттеу болып табылады. Медия жүйе – тек әлеуметтік ғылыми мекеме ғана деп қарастыра алмаймыз. Бір жағынан, бұл өндірістік білім беру орталығы, сондықтан барлық бұқаралық ақпарат құралдары экономика мен бизнес-модельдердің жалпы қағидасына байланысты негізделген. Екінші жағынан – әлеуметтік-саяси жүйе,- деп айтуымызға да болады, себебі, ХІХ ғасырдың соңынан бастап, әлемнің барлық елдері үшін бұқаралық ақпарат құралдары, саяси байланыстың бағдарламалық жасақтамасы қызметін атқарған болатын. Мемлекетаралық ынтымақтастықтың сәтті өтуі үшін, ынтымақтастыққа мүше елдердің аумағында болып жатқан оқиғалар туралы, осы елдердің тұрғындары мен іскер топтары, қажетті ақпаратпен толықтай қамтамассыз етілуі тиіс. Осы тұрғыдан алып қарастыратын болсақ, журналисттер қауымдастығының рөлін, бұл жерде, жете бағаламауға болмайды.
Құрметпен,
Вартанова Елена Леонидовна,
Журналистика факультетінің деканы,
М.В. Ломоносов атындағы ММУ-нің филология ғылымдарының докторы,
профессор, Ресей Білім академиясының академигі